Жаңалықтар

Бизнестегі серіктесін өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейде ұсталды

Бас прокуратура
Кісі өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейде ұсталды/фото: shutterstock

Павлодарда бизнестегі серіктесін өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейде ұсталды. Бас прокуратура Қазақстан азаматын елге экстрадициялау үшін шара қабылдап жатыр, деп хабарлайды KursivMedia.

Ресми ақпаратқа сәйкес, күдікті Ресейдің Красноярск өлкесі Шарыпово қаласында жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған.

Айта кетейік, 2025 жылдың ақпанында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйіті табылған. Содан кейін қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеу басталды. Бұл бапта 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір прокуратура ер адамды Қазақстанға жеткізу үшін шара қабылдап жатыр.