Жаңалықтар

Үш өңірде қарғын суға байланысты жол жабылды

Үш өңірде еріген қарғын суға байланысты көлік қозғалысы шектелген / Фото: QazAvtoJol архив

Қарғын суға байланысты елдің үш өңірінде жол жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі хабарлады.

«2025 жылғы 27 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар суларының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Мына өңірлердің жол учаскелерінде көлік қатынасына шектеу енгізілген:

  • Ақтөбе облысында «Қандыағаш – Ембі- Шалқар – Ырғыз» автожолында 3-92 шақырым аралығындағы жол учаскесінде қозғалыс шектелген.
  • Қостанай облысында Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территорияда Мариновка ауылына жақын аймақтағы жол бөлігіне шектеу енгізілген.
  • Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында көлік өозғалысы шектелген. Жол Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін жабық.