
Аз уақытта жасанды интеллект саласын дамытуға талпынған 29 жаңа кәсіпкердің жалпы табысы $71 млрд болды. Bloomberg жаңа буын миллиардерлерін санап, табысына талдау жасады.
Жасанды интеллект байларын қозғаушы күш
2022 жылдың аяғында ChatGPT-ді көпшілікке таныстырған OpenAI құны 300 млрд долларға жетіп, әлемдегі ең қымбат стартаптардың бірі атануға дайын.
Осы компаниясының бұрынғы қызметкерлері 2021 жылы құрған Anthropic $60 млрд тұрады.
Safe Superintelligence 2024 жылғы қазан айында ғана іске қосылғанның өзінде құны 32 млрд долларға жетіп үлгерген. Осындай мысалдардың бәрі миллиардерлердің жаңа буынын туғызуға сеп болды.
Бүгін – бар, ертең – жоқ
Агенттік мәліметінше, ЖИ-мен айналысатын төрт компанияда 15 кәсіпкер жалпы көлемі 38 млрд доллар жиған. Олардың қатарына уақыт өткен сайын көбейе береді.
Осы іспен аянбай айналысып жатқан тағы 14 адам бар. Олардың өзі 33 млрд доллар жинап үлгерген. Мәселен, жаңадан ашылған Thinking Machines Lab стартапы 9 млрд долларға бағалануға тырысып жатыр.
«Көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр. Бір сағатта пайда болды дей алмаймын, бірақ қарқыны қатты», – дейді Кремний алқабындағы Citizens Private Wealth аға басқарма директоры Рик Гордон Bloomberg-ке.
Агенттік қаражаттың көп бөлігі қағаз жүзінде қалып, компаниялардың дені бір түннің ішінде жоғалып кетуі мүмкін екенін де ескертті. Мәселен, OpenAI-дың құнын есептеудің өзі мүмкін емес.
Ал DeepSeek жасанды интеллект жасап шығарған қытай стартапының өзі 1 млрд доллардан бастап 150 млрд долларға дейінгі аралықта бағалануы ғажап емес. Бұның бәрі жаңадан қосылуға ұмтылып келе жатқан кәсіпкерлер өнімінің қаншалықты сәтті шығуына байланысты.