Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау талаптары тағы күшейтіледі

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау талаптары тағы күшейеді
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау талаптары тағы күшейеді/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек төлеміне қатысты бірқатар өзгерістерді қоғамдық талқыға ұсынды.

Жаңа өзгеріске сай, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер келіскен жағдайда, тиісті мемлекеттік орган оның шығыс операциялары, банктік шоттардағы, банктік қарыздардағы, микрокредиттегі, жинақ салымындағы, депозиттегі ақша қаражатының қозғалысы туралы мәліметтерді алып отырады.

«Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігіндегі алдағы өзгерістер шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Күтілетін нәтижелердің мерзімі – 2025 жылғы желтоқсан айы«, – делінген министрлік бұйырығының жобасында.

Министрлік атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың бұл тетіктері ықтималды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды деп санайды.

Бұған дейін, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың есепшоттарындағы қаржы операцияларын Open API жүйесі арқылы тексеретін пилоттық жоба іске қосылған. Ол 2025 жылғы1 қарашаға дейін жалғасады. 

Сондай-ақ оқыңыз