Жаңалықтар

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрін қабылдады

Президент Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады / Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді», – делінген хабарламада.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланған.