Мектептерде жаңа штат пайда болады – министрлік онда кімдер істейтінін түсіндірді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Жазғы демалыста биыл 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь жұмыс істемек/ коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қазақстан мектептерінде жаңа штат пайда болады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап педагог-кәсіби бағдар беруші немесе педагог-профориентаторлар үшін жаңадан штат ашылады. Бұл туралы «Counseling as a Culture» тақырыбындағы IC3 халықаралық форумында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтқан.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық мектебінде небәрі 1000-ға жуық педагог-кәсіби бағдар беруші жұмыс істейді. Ал жаңа 2025-2026 оқу жылында осы мамандыққа арнап жаңа штат ашылып, олардың саны 7 920-ға дейін артады деп күтілуде.

«Мамандық таңдау – әрбір адамның өміріндегі маңызды шешім. Бұл ретте мектеп барынша қолайлы орта қалыптастыруға тиіс. Министрлік осы бағытта нақты қадамдар жасауда. Атап айтқанда, биылғы наурыз айында әр мектепке педагог-кәсіби бағдар беруші үшін жеке штат бірлігін бөлу туралы бұйрық қабылданды. Қазіргі таңда мектептерде 1 159 кәсіби бағдар беруші жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында олардың саны 7 920-ға дейін артады деп күтілуде», – деді Еділ Оспан.

Жалпы 2025 жыл Мемлекет басшысының бастамасымен Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланған. Сол себепті министрлік кәсіби бағдар беру жүйесін дамытуды қолға алып, арнайы шараларды жүеге асыра бастаған.

Айта кетейік, осыған дейін Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің аттестациялау процесі автоматтандырылатынын хабарлаған болатын. Бұл жүйе педагогтердің біліктілігін арттыру мен аттестациялау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз