Қазақстан Түркиямен есеп айырысуды жеңілдетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан мен Түркия ОБ-нің басшылары Тимур Сүлейменов пен Фатих Карахан / Фото: Ұлттық Банк

Қазақстан мен Түркияның орталық банктерінің төрағалары Тимур Сүлейменов пен Фатих Карахан теңге мен лирасы арасындағы екіжақты валюта свопы туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Ұлттық банктен хабарлады.

Валюта свопы — екі елдің ортасындағы келісім, оған сәйкес олар белгілі бір мерзімге бір-біріне валюталарын айырбастайды. Яғни, бұл валюта айырбастау туралы келісім, көбінесе орталық банктер арасында жасалады. Осы келісім аясында:

  • Екі ел арасындағы есеп айырысу жеңілдейді
  • Валюта тәуекелдері азаяды
  • Қазақстан мен Түркия арасындағы сауданың жандануына септігін тигізеді

Құжатқа қол қою рәсімі Вашингтондағы Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының көктемгі кездесулері аясында өтті.

Ұлттық Банктің ресми бағамына сәйкес, қазіргі уақытта түрік лирасының бағамы 13,55 теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз