Lifestyle

Әйгілі GTA 6 ойынының қашан шығатыны белгілі болды

GTA 6 ойынының қашан шығатыны белгілі болды / фото: скрин

Алдыңғы GTA V ойынының жарыққа шыққанына он жылдан асса да, әлі күнге дейін әлемдегі ең танымал ойындардың бірі болып тұр. Осы уақыт ішінде жанкүйерлер ойынның жаңа бөлімі – GTA 6 туралы жаңалықты тағатсыздана күтті. Көптеген қауесет пен бейресми ақпарат тарағанымен, Rockstar Games компаниясы ұзақ уақыт үнсіз болды. 2023 жылдың желтоқсанында компания GTA 6-ның алғашқы ресми трейлерін жариялады. Бұл трейлер бірнеше минут ішінде-ақ ғаламторда кең таралып кетті.

GTA 6-ның шығу мерзімі

GTA 6 ойыны ресми түрде 2025 жылдың 17 қыркүйегінде жарық көреді деп күтіліп отыр. Алдымен ойын PlayStation 5 және Xbox Series X/S консольдерінде қолжетімді болады. Ал компьютер нұсқасы 2026 жылы шығуы мүмкін.

GTА 6-ның бағасы: Халықаралық нарықта стандартты нұсқаның құны 100 доллар шамасында болады деп күтілуде.

Ойынның сюжеті мен ерекшеліктері

GTA тарихында алғаш рет басты кейіпкер әйел образында болады. Ойынның геймплейі әлдеқайда шыңайы болады: NPC-лардың (ойын ішіндегі кейіпкерлердің) ақылды әрекеттері, полиция қуғындары, жасырыну механикасы айтарлықтай жетілдіріледі.

Rockstar компаниясы GTА 6 Леонида деген ойдан шығарылған штатта өтетінін растады. Бұл жерде Vice City және оған жақын аймақтар қамтылады. Компания бұл жобаны «GTA сериясындағы ең ауқымды әрі шынайы әлем» деп сипаттап отыр.

Сондай-ақ, болжам бойынша GTА 6 ойынының екінші ресми трейлері 2025 жылдың мамыр айының соңында жарық көруі мүмкін.

YouTube video player