Chevrolet ресми түрде жаңа Spark EV моделін таныстырды

Жарияланды 8 Мамыр 2025 13:23

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Chevrolet Spark EUV толықтай электрлі көлік ретінде нөлден бастап жасалған / Фото: Chevrolet

Chevrolet компаниясы 2026 жылғы жаңа толық электрлі Spark EUV Activ кроссоверін ресми түрде таныстырды.

Chevrolet Spark EUV несімен ерекшеленеді

Автокөлік өндірушісі Activ жинақтамасы модельдің жалғыз нұсқасы болатынын мәлімдеп отыр. Модель толықтай электрлі көлік ретінде нөлден бастап жасалған.  Электромобиль биік терезе сызығы, кең интерьерімен және жастар аудиториясына бағытталған айқын стилі бар «қорап тәрізді» дизайнға ие болды.

GM жаңа Spark EUV моделін ерекше сыртқы келбеті мен тәжірибеге бағытталған сипаттамалары арқылы өзге электромобильдердің арасынан «батыл шешім» ретінде ұсынады. Дегенмен, нақты техникалық сипаттамалар мен бағалар әзірге жарияланған жоқ.

Алғашқы нарық – Бразилия

Жаңа Spark EUV алғашқы болып Бразилия нарығына шығады. Бұл шешім аймақта экологиялық көліктердің танымалдығының артып келе жатқанымен байланысты.

Айта кетейік, Chevrolet Cobalt, Labo, Onix, Tracker және Damas автокөліктері Өзбекстанда дилерлік компаниялар арқылы зауыт бағасымен сатыла бастады. Айталық, UzAuto Motors АҚ-ның ресми дилері Driver’s Village компаниясы Chevrolet Cobalt көлігіне келісімшарттар ашылғаны туралы ресми түрде жария етті.  

Сондай-ақ оқыңыз