Жаңа сайланған Рим Папасы бала зорлығына қатысты дау-дамайға тап болды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Жаңа сайланған Рим Папасы туралы жаңа деректер шықты/ фото: Vatican News
Жаңа сайланған Рим Папасы туралы жаңа деректер шықты/ фото: Vatican News

Жаңа сайланған Рим Папасы, америкалық Роберт Франсис Превост бірнеше минуттан кейін бала зорлығына қатысты дау-дамауға тап болды.

Оның Леон XIV деген есімді таңдаған жаңа понтифик деген атауды таңдағаны сол еді.

Тарихтағы 267-ші Рим Папасы

Бұл жолы 133 сайлаушы кардиналға бар болғаны екі күн жеткілікті болды. Олар Рим Папасын сайлау үшін жиналған болатын. Бейсенбі, 8 мамырда, олар жаңа Рим Папасын таңдады. Әлемге бұл жаңалықты Әулие Петр базиликасының балконынан француз кардиналы Доминик Мамберти жария етті. Жаңа понтифик — 69 жастағы америкалық Роберт Франсис Превост. Ол тарихтағы 267-ші Рим Папасы болып сайланды және 2024 жылдың 21 ақпанында 88 жасында қайтыс болған Франциск Папаның орнын басты.

Дау неден туды?

Le Figaro басылымының хабарлауынша, сайланғаннан кейін бірнеше минут өткен соң-ақ, жаңа сайланған Рим Папасы дауға қалды. Мәселенің мәнін түсіну үшін 1998 жылға оралу керек. Сол кезде Роберт Франсис Превост Августиндік «Қайырымды кеңес ханымы» провинциясының жетекшісі (провинциал) болып сайланды. Бұл қызметті ол 1999 жылдың наурызында Чикагода бастады. Ол қызметті 2001 жылға дейін атқарды.

Жиырма жылдан кейін ол американлық баспасөзде қатты сынға ұшырады. «Бұған оның кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық ісіндегі ұстанымы түрткі болды. Бұл іс оның қауымдастығының бір мүшесіне қатысты болған», – дейді журналистер.

Бала зорлаған қызметкерлерді ғибадатханада тұрғызған

2000 жылдың қыркүйек айында, Леон XIV кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық әрекеті үшін кінәлі деп танылған бір діни қызметкерге көмектесіпті. Бастауыш мектептің жанында орналасқан августиндік ғибадатханада тұруға рұқсат берген. Бұл діни қызметкер кейін сол мекеннен кетуге мәжбүр болды. Оған қарсы жаңа айыптар шыққаннан кейін, 2012 жылы ол ресми шіркеу процедурасы аясында «қарапайым діндар дәрежесіне түсірілді».

Жаңа сайланған Рим Папасына қатысты осындай деректер шығып жатыр.

Мұның алдында Ватиканда жаңа Рим Папасын таңдалынып жатқанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз