Lifestyle

Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Бексұлтан Қалмырза әлем чемпионы атанды/фото: спорт комитеті

Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені алып берді.

«J2 санатындағы 81 келі салмақта ерекше жайт тіркеліп, қос отандасымыз Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.

3 минут 11 секундқа жалғасқан тартысты белдесуде Бексұлтан Құлмырза қарсыласын иппонға түсірді», – деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Айта кетейік, Астанада 13–15 мамыр күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында пара дзюдодан әлем чемпионаты – IBSA Judo World Championships өтеді. Бұл – төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын, пара дзюдо спортындағы ең беделді дода.