Жаңалықтар

Қазақстанда ChatGPT-ге тыйым салына ма – министрлік жауабы

Chat GPT-ді шенеуніктердің пайдалануына тыйым
Елде ChatGPT-ді шенеуніктердің пайдалануына тыйым салынуы мүмкін деген ақпарат тарады / Фото: REUTERS/Dado Ruvic/Illustration

Қазақстанда ChatGPT-ді шенеуніктердің пайдалануына тыйым салынуы мүмкін деген ақпартқа қатысты Цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді. Министрлік мәліметінше, бұл шара мемлекеттік органдардың деректерін қорғауға бағытталған.

«GPT чатын пайдалануға тыйым салынды деген ақпаратқа байланысты келесіні нақтылаймыз. Цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік органдардың сезімтал деректерін қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы жұмыс шеңберінде 2024 жылы мемлекеттік секторда жасанды интеллект (AI) қолдану бойынша ұсыну сипаттағы басшылық құжат бекітілді. Құжат AI технологияларын пайдалану кезінде киберқауіпсіздікті арттыруды мақсат етед», – делінген баспасөз хабарламасында.

Министрлік мемлекеттік орган қызметкерлеріне ChatGPT мен басқа да шетелдік AI қызметтерін пайдалануға тыйым салынбайды. Бірақ оларға бірақ ықтимал тәуекелдер туралы ескертіледі.

«Әсіресе, жеке деректермен, қызметтік немесе жабық ақпаратпен жұмыс істегенде мұқият болған жөн», – деп ескертеді министрлік.

Бұл орайда министрлік елде отандық AI шешімдер енгізіліп жатқанын саланы дамыту қолға алынғанын хабарлайды.

Министрлік мәліметінше мемлекеттік органдар пайдаланатын және қорғалған ортада жұмыс істейтін жабық желіде және Ұлттық жасанды интеллект платформасында қазақ және орыс тілдеріне аудармашы, заңнама бойынша AI-көмекші, сондай-ақ сұранысқа жауап беріп, талдамалық материалдар жасай алатын үлкен тілдік модель енгізілген.