Жаңалықтар

Еуроодақ Азаттық радиосына 5,5 млн еуро көлемінде көмек берді

Кая Каллас Азаттық радиосы
Кая Каллас және Азат Еуропа радиосы / Фото: коллаж KursivMediа, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Еуроодақ шұғыл көмек ретінде Азат Еуропа Радиосы медиакорпорациясына 5,5 млн еуро бөледі. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Кая Каллас хабарлады.

Калластың сөзінше, ЕО-ның сыртқы саясат ведомствосына мүше елдердің барлығы «Азат Еуропасы жұмысын қолдауға» келіскен.

«Қысқа мерзімді шұғыл қаржыландыру – бұл тәуелсіз журналистиканы сақтандыру», – деп мәлімдеді Кая Каллас

Қаражат  «Демократия үшін Еуропа қоры» үкіметтік емес ұйымы арқылы жіберіледі. Аталған сома медиакорпорация жұмысының шығынын толық өтей алмайды, бірақ «тәуелсіз ақпаратты керек ететін» елдерге көмек болмақ деп сенеді Кая Каллас.

Айта кетейік, қазір Азат Еуропа радиосы АҚШ Конрессі бөлген қаржыға қол жеткізу үшін соттасып жатыр.

Бұл неге маңызды?

Азат Еуропа/ Азаттық радиосы – 1953 жылдан бері жұмыс істейтін жаһандық тәуелсіз медиаұйым. Қазақ тілінде хабар тарататын Азаттық радиосы – елдегі обьективті хабар тарататын редакцияның бірі деп саналады.

Дональд Трамптың «АҚШ салық төлеушілерінің қаражатын ысырапсыз жұмсауды жою туралы» бұйрығынан кейін Азат Еуропа радиосына бөлінетін қаржы тоқтады. Редакцияның жұмысында қысқартулар басталды. Азаттық радиосы жұмысын жалғастыру үшін аудиториясынан донат жинай бастады.