Жаңалықтар

Шерзат ісінде сотталушылардың видеосын таратқандар жазаланды

Шерзат ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр – тікелей трансляция
Шерзат ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр – тікелей трансляция/Фото: KursivMedia

Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. 22 мамырда сот іс құжаттарын зерттеп жатыр.

Сот отырысында істі қарап жатқан судья Ержан Жанұзақов бұған дейін желіде тараған сотталушылырдың видеосына қатысты ақпарат берді.

«Осы қылмыстық іс бойынша 29 сәуірде өткен тікелей эфирден кейін интернетте таралған сотталушылардың видеосы туралы жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижесін жариялаймын.

Қызметтік тексеріс барысында сот процесін онлайн трансляциясы бойынша таратылған техникалық қызметкерлердің трансляцияны уақытында тоқтатпағаны салдарынан сотталушылардың видеосы эфирге шыққаны анықталды.

Нәтижесінде техникалық қызметкерлер Рүстем Муксинов, Назира Оразәлиева және Сәуле Кайдағұлова тәртіптік жазаға тартылды», – деді судья.

Сот 21 мамырда әлеуметтік желілерде сот отырысы үзілісінде тарады делінген аудиоға байланысты да жеке қаулы қабылдады.

«Басты сот талқылауы үзілісінде кезінде айтылды делінген аудиоға Алматы облысы прокурорының назары аударылсын», – деді судья.

22.05.2025ж. 2-бөлім. Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесі

Бұған дейінгі сот отырысында марқұм Шерзат Полаттың анасы, ағасын мен сотталушыларды беттестіру сәтінде түсірілген видеолар көрсетілді.