
«Алматыэнергосбыт» компаниясы 1 маусымнан бастап Алматы қаласында электр энергиясының шекті тарифін көтеру туралы өтінім берді. Бұл әзірге түпкілікті шешім емес – жаңа тариф табиғи монополияларды реттеу органымен келісілуі қажет.
Компанияның мәліметінше, қаңтар айынан бастап электр қуатын жүктемеге дайындау құны, ал сәуірден бастап өңірлік желілер арқылы электр энергиясын жеткізу, ұлттық электр желісін пайдалану және өндіру мен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті ұйымдастыру тарифтері өскен.
Тұтыну көлеміне қарай ұсынылған шекті тарифтер (ҚҚС-сыз):
• 26,8 теңге/кВт⋅сағ
• 35,42 теңге/кВт⋅сағ
• 44,28 теңге/кВт⋅сағ
Тұтынушылар санаты бойынша ұсынылған тарифтер:
• Жеке тұлғалар – 29,52 теңге/кВт⋅сағ
• Коммерциялық (бей тұрмыстық) тұтынушылар – 38,66 теңге/кВт⋅сағ
• Бюджеттік мекемелер – 111,72 теңге/кВт⋅сағ
Бұған дейін, Солтүстік Қазақстан облысында мультимиллионерлер Александр Клебанов пен Сергей Канға тиесілі компания электр энергиясы тарифін 47%-ға көтеретіні хабарланған.