Lifestyle

Елена Рыбакина Франциядағы турнирде жартылай финалға шықты

Елена Рыбакина Франциядағы турнирде жартылай финалға шықты / фото: архив kursiv.media

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингі бойынша 12-орын) Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалында поляк спортшысы Магда Линеттпен (33-орын) кездесті.

Тартысты ойында Рыбакина 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ойын 1 сағат 41 минутқа созылды.

Осылайша, қазақстандық теннисші жартылай финалға шықты. Енді қарсыласы бразилиялық Беатрис Хаддад Майя (23-орын) мен америкалық Эмма Наварроның (9-орын) арасындағы матч нәтижесі бойынша анықталады.

Айта кетейік, Рыбакина Страсбург турниріндегі алғашқы кездесуінде қытайлық Ван Синьюйді (42-орын) 6:1, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңген болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Рыбакина ұлттық құрама сапында өнер көрсету үшін, Дубайдағы турнирден бас тартқан еді.