Авто

Кроссоверлер бір пайызбен сатыла бастады

GAC motors M8, GS8,  GS3,  GS4 MAX кроссоверлерін бір пайызбен ұсынып отыр / фото: shutterstock
GAC motors M8, GS8, GS3, GS4 MAX кроссоверлерін бір пайызбен ұсынып отыр / фото: shutterstock

Кроссоверлер бір пайызбен автонарықта сатыла бастады. Несие мерзімі – 7 жылға дейін. Айына небәрі 80 747 теңге төлейсіз.

GAC motors қазақстандықтарға осындай мүмкіндік ұсынып отыр. Бір пайызбен сатыла бастаған кроссоверлер орнынан жылдам қозғалуымен, жылдамдығымен ерекшеленеді.

Ерекшелігі неде?

Бұл кроссоверлер сегіз секунд ішінде 100 шақырымға дейін бірден жүйітки алады. Бұған MegaWave Power технологиясы жол ашып  отыр.  MegaStar шассиі бұл көліктерді сенімді, бірсыдырғы жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл көліктер үнемді. 100 шақырымға 5,9 отын кетеді.

GAC motors тарапынан M8, GS8,  GS3,  GS4 MAX кроссоверлері бір пайызбен ұсынылып отыр. Сатып алушыларға арнайы кредит бағдарламалары қарастырылған. Бұл көліктерге сенімді сервис көрсетіледі.

Техникалық сипаттамасы

GAC M8 бизнеске де, отбасына да ыңғайлы көлік. Кең MPV VIP салоны бар. Орындықтары жайлы. 7 адам отыра алады. Толық жетек опциясы бар. Қозғалтқышы – 2.0L турбо-жанармай. Жанармай құтысына 65 литр сыяды.

Салмағы 2102–2192 келідей болады. 8 сатылы автомат. Алдыңғы немесе толық жетек.

GAC GS8 – жол талғамайтын ірі кроссовер. Таулы өңірлерде, жолсыздарда жүруге арналған. 7 адамға арналған. Отбасы үшін таптырмайтын көлік. Интерьері тартымды және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Техникалық жағынан GAC M8-ге ұқсас.

GAC GS3 жастарға арналған қалалық көлік. Эконом класқа жатады. Турбо және атмосфералық нұсқалары бар. GAC GS4 MAX  «жаңа буынға арналған заманауи кроссовер» деп аталып жүр. Ерекше дизайны, кең ішкі кеңістігі көзге түседі. Осы кроссоверлер бір пайызбен сатып ала аласыз.

Электрлі Pickup 01 концепт-көлігі

GAC компаниясы екінің бірі сатып алуға мүмкіндік беретін арзан көліктермен ғана шектеліп отырған жоқ. Жаңа мүмкіндіктерді де қарастырып жатыр. Айталық, 2025 жылғы Шанхай автокөрмесінде бәсекелестерін қатты таңырқатты. Ол кезде толықтай электрлі Pickup 01 концепт-көлігін таныстырған еді. Ол GAC New Energy Commercial Vehicle бренді аясында жасалған.

Бұл үлгі 2027 жылы жаппай өндіріске қойылады. Негізінен Австралия, Сауд Арабиясы, Чили және Мексика секілді шетелдік нарықтарға бағытталады.

GAC компаниясы Pickup 01 күнделікті жүруге, жолсыз жерлерде айдауға қолайлы.

Hyptec HL кроссовері

Сонымен қатар GAC компаниясының Hyptec HL кроссоверін сата бастады. Әзірге тек қана Қытайда. Бастапқы бағасы – 269 800 юань (шамамен 37 020 АҚШ доллары). Бұл үлгі сегіз түрлі комплектацияда ұсынылмақ. Hyptec HL екі нұсқада қолжетімді. Олар толықтай электрлі (BEV) және кеңейтілген жүріс қоры бар гибрид (EREV). Осы кроссоверлер бір пайызбен Қазақстан нарығында сатылуы ғажап емес.

Толық электрлі Hyptec HL нұсқасы бір зарядпен 750 шақырымға дейін жүре алады және 510 ат күші бар толық жетек (4WD) жүйесімен жабдықталған.

Hyptec HL моделі сегіз түрлі комплектацияда ұсынылады.

Бағалары қандай?

Көліктің EREV (қозғалыс қоры кеңейтілген гибрид) нұсқасы 269 800 – 299 800 юань (37 020 – 41 140 АҚШ доллары) аралығында бағаланады. Ал толық электрлі BEV нұсқасының бағасы – 269 800 – 319 800 юань (37 020 – 43 860 АҚШ доллары) аралығында.

Жалпы, 2024 жылы Қытайда 3,805 миллион көлік жасап шығарған. Ал сатылымы 3,873 миллионға жеткен. Соның ішінде автобустар, пикаптар да бар.

Мұның алдында Haval кроссоверінің жаңа үлгісі шығарыла бастағанын жазған едік.