Жаңалықтар

Сотқа Шерзат мәйітіне сараптама жүргізген маман қатысып жатыр – видео

Сотқа сот-медициналық сарапшы қатысып жатыр/фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың қазасына байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотқа Шерзаттың мәйітіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы қатысып жатыр.

«5 және 6 қабырға арасында қолтық асты сызығы мен артқы қолтық асты сызығы арасы кесілген. Зерттеу жүргізген кезде сол жақ кеуде қуысына шаншыла енген жарақат анықталды. Плевра қуысына кірген, сол жақ өкпе бөлігін жарақаттаған. Сыртқы жарақаттың өлшемі – 2 см. Жара тереңдігі – 12 см», – деді сот-медициналық сарапшы.

Айтуынша, көзінің астында сызат анықталған. Бесінші саусақта да сызат бар. Шүйде бөлігінде қанталау бар.

«Қазаға ұшырауына сол жақ кеуде қуысына шаншыла кірген жарақат, сол жақ өкпе жарақаты, гемоторакс, плевра қуысына 1500 мл қан жиналуы себеп болды», – деді маман.

23.05.2025ж. 2-бөлім. Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесі

Айта кетейік, іс бойынша сотталушылар қатарында 9 адам бар. Бұған дейін олардан сотта жауап алу аяқталды. Сот 21 мамырдан бастап іс құжаттарын зерттеп жатыр.