Lifestyle

Ливерпуль Англия чемпионы атанды: Челси алғашқы төрттікке енді

английская премьер-лига
REUTERS Ливерпуль чемпион, Челси аяқ асты алғашқы төртікке енді

Ағылшын премьер-лигасының 2024/25 жылғы маусымы өз мәресіне жетті. Қызыққа толы әрі тартысты жарыста «Ливерпуль» клубы мерзімінен бұрын чемпион атанып, Англияның басты футбол тәжін тағы бір мәрте иеленді. Команданың жеңісіндегі басты себепкердің бірі – Мохаммед Салах, маусымда 29 гол соғып, төртінші рет Премьер-лиганың үздік сұрмергені атанды.

Ал Лондонның «Челси» клубы маусым барысында бірнеше қайта құрылымдау мен тұрақсыз ойындарға қарамастан, соңғы турда Чемпиондар лигасына жолдама алды. Екі жылдық үзілістен кейін бұл еурокубоктағы беделді орынға қайта оралу – жанкүйерлер үшін үлкен қуаныш.

Маусым қорытындысы бойынша:

  • 1-орын: Ливерпуль (84 ұпай) – чемпион
  • 2-орын: Арсенал
  • 3-орын: Манчестер Сити
  • 4-орын: Челси
  • 5-орын: Ньюкасл – Лига чемпионаты жолдамасы
  • 6-орын: Астон Вилла – Лига Еуропасына қатысады
  • 7-орын: Ноттингем Форест – Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама

Премьер-лигадан төменгі лигаға түсіп қалғандар: Лестер, Ипсвич және Саутгемптон.

Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубының түлегі Дастан Сәтпаев «Челсимен» келісімшартқа отырған еді. Алайда Дастан 18 жасқа толған шағында ғана Лондонға аттанады. Сонымен қатар, «Қайрат» футбол клубы да биыл Чемпиондар лигасында іріктеу ойындарын өткізеді.