
Америкалық поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қызығушылық артты. Бүгін, 28 мамыр күні таңғы 10:00-де билеттер ресми түрде Ticketon платформасында сатылымға шықты. Алайда небәрі бір сағаттың ішінде кезекке тұрғандардың саны 10 мыңға жуықтады.
Freedom Ticketon жүйесінде көрсетілгендей, сағат 11:00 шамасында 9 146 адам билет алу кезегінде тұр.
Концерт өтетін орын – Алматының Орталық стадионы, трибуналардың сыйымдылығы ресми 23 800 көрерменді құрайды. Алайда фан-зонаға қосылатын аймақ пен орындықтармен көрермен саны 30 мыңға жуықтау керек.
Еске сала кетейік, Дженнифер Лопестің концерті 4 тамыз күні Астанада өтсе, 10 тамыз күні Алматыда өтетін болды.