
Forbes тізімінде тұрған Александр Клебанов пен Сергей Канға тиесілі «Павлодарэнерго» компаниясы 2024 жылға қарапайым акциялары үшін дивиденд төлемейді. Акционердің шешімі қор биржасында жарияланған.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша қоғамның қарапайым акциялары бойынша дивиденд есептелмейді», – делінген хабарламада.
Компанияның 10 пайыз акциясы «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясына» тиесілі. Ал бұл мекеменің 47% акциясы Александр Клебановқа тиесілі болса, 47%-ы Сергей Канның иелігінде.
Олар ОАЭК арқылы «Павлодарэнерго» АҚ, «Павлодар Солтүстік су каналы» ЖШС, «СевКазЭнерго» және «Ақмола РЭК» компанияларына да иелік етеді. Олар Forbes нұсқасы бойынша ең бай қазақстандықтар тізіміне енген.