
Air Arabia компаниясы Абу-Даби-Алматы-Абу-Даби рейсін ашты. Алматы халықаралық әуежайы бұл рейстің алғашқы жолаушыларын қабылдады. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы халықаралық әуежайы халықаралық тасымалдаушылар қатарын кеңейтуде
2025 жылдың 3 маусымында Алматы халықаралық әуежайы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиден келген Air Arabia авиакомпаниясының алғашқы рейсін қабылдады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Рейс Абу-Даби-Алматы-Абу-Даби бағыты бойынша аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды.
Әуежай әкімшілігі бұл қадам туристік, іскерлік және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге жол ашатынын хабарлайды.