Жаңалықтар

Беларусь – Қазақстан матчын қайдан көруге болады

Беларусь – Қазақстан матчын қайдан көруге болады? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бүгін, 5 маусым күні Қазақстан ұлттық құрамасы Беларусьпен жолдастық матч өткізеді. Кездесу Беларусьтің Борисов қаласындағы «Борисов-Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.

Матчты қайдан көруге болады?

Бұл ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Ал сағат 19:30 да 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Астанада Андорра құрамасымен ойнайды. Бұл ойынды да тікелей эфирде көруге болады.

Беларусьпен матч Қазақстан құрамасының маусым айындағы алғашқы ойыны. Ал 9 маусым күні «Астана Аренада» ұлттық құрама Солтүстік Македонияға қарсы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы маңызды матч өткізеді.

Бұған дейін, ұлттық құрама сапына шақырту алған футболшылар тізімін жазған едік.