
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты мәлімдеме жасап, жағдайға алаңдаушылық білдіретінін жеткізді.
«Қазақстан Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты алаңдаушылық білдіреді және қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды», – делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты сол жақта жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады.
Сондай-ақ Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлерін жариялады:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)