Жаңалықтар

АҚШ Қазақстанның газ-химия жобаларына қатысуы мүмкін

Американская компания может принять участие в строительстве газохимических проектов в Казахстане
АҚШ Қазақстанның газ-химия жобаларына қатысуы ықтимал / Фото: QazaqGaz, бильд-редактор: Милош Муратовский

АҚШ Қазақстандағы ірі газ-химия жобаларына қатысуы ықтимал. QazaqGaz ұлттық компаниясының кеңсесінде америкалық Air Products компаниясының басшыларымен кездесу өтті.

Тараптар елімізде заманауи газ-химия кешендерін салу мүмкіндіктерін қарастырған.

Кездесуге Air Products компаниясының Еуропа мен Африка бойынша президенті Иво Болс, Орталық Еуропа мен Орталық Азия бойынша вице-президенті Вацлав Харрант, бизнесті дамыту жөніндегі директоры Артур Ғазизянов және қазақстандық серіктестер қатысты.

Air Products – энергетика, металлургия және экологиялық химия салаларында технологиялық шешімдер ұсынатын әлемдік жетекші компаниялардың бірі.

1940 жылы АҚШ-та құрылған бұл компания бүгінде әлемнің 50 елінде жұмыс істейді. Fortune 500 рейтингісінде Air Products 350-орында тұр.

Бұған дейін Қазақстан Түрікменстаннан газ сатып алып, кен орындарын бірлесіп игеретіні хабарланған.