
QAZAQGAZ AIMAQ компаниясының Қызылордадағы бөлімшесі заңды бұзғаны үшін тағы айыппұл арқалады. Бұл жолы бөлімшеге 18,3 млн теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады.
Бұған дейін компания мойнына 61,3 млн теңге ілінген, жалпы сомасы 79,6 млн теңгеге жетті.
Себебі — компания тұтынушылардан газға қосылу үшін заңда жоқ қосымша құжат сұратқан. Бұл — азаматтардың құқықтарын бұзу деп танылды.
Тексеріс пен сот істерінен кейін компанияның кінәсі толық дәлелденіп, айыппұл толық төлеп, қаржы мемлекет қазынасына түскен.
Былтыр тұтынушылардың QazaqGaz Aimaq алдындағы қарызы 37 млрд теңгеге жеткен.