
Ақмола облысы Далабай ауылының тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартты. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
Ауылда «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында кездесу өтіп, тұрғындар ауыл аумағында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тарту мәселесін талқылаған.
Бастама ауыл ақсақалдарының қолдауына ие болып, олар моральдық құндылықтарды, қоғамдық тәртіп пен өсіп келе жатқан ұрпақтың қауіпсіздігін сақтау маңыздылығын атап өткен.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар дені сау және қауіпсіз орта құруға деген ұмтылысты бекіткен хаттамаға қол қойған.
«Жергілікті қоғамдастықтың қолдауы қоғамдық келісімді нығайту мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жолындағы маңызды қадам болды. Мұндай бастамалар Қазақстанның түрлі өңірлерінде іске асырылып жатыр. Кейбір өңірлерде соңғы бірнеше жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, бұл өз кезегінде аталған бастамалардың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке оң әсерін көрсетеді», – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Хабарламада алкогольден бас тарту прокуратура органдарының, жергілікті биліктің және ауыл тұрғындарының бірлескен жұмысының нәтижесі болғаны айтылады.
Бұған дейін, алкогольден бас тартқанына 5 жылдан асқан Алматы облысы Балқаш ауданы Бояулы ауылында зыңсыз әрекеттер сап тыйылғаны байқалған.