
Қазақстан биыл өндірілетін мұнай көлемін 96,2 миллион тонна деңгейінде қалдыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Аққенженов мәлімдеді.
«Біз әзірге осы жоспардан айныған жоқпыз», – деді министр журналистерге берген сұхбатында.
Бұл – елдегі мұнай өндірісі биылғы жоспар бойынша жүреді деген сөз.
Министрлік бұған дейін мұнай өндіру жоспарында ОПЕК+ ұйымы алдындағы міндеттемелер ескерілмегенін мәлімдеген. Дегенмен Қазақстан өзінің квотасы аясында жұмыс істеуін жалғастырады.