
Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қырғызстан Президентінің борты елорда әуежайына қонды. Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Үкіметтің мәліметінше, осы жылдың 4 айында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 25,2%-ға өсіп, 435,1 млн долларға жеткен.
Айта кетсек, аталмыш саммитке қатысу үшін кеше, 16 маусым күні Астанаға Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин келген. Қытай басшысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан қарсы алды.