Lifestyle

Енді Freedom қосымшасында жұмыс іздеп, онлайн футбол матчын көруге болады

freedom super app
Фото: digitalbusiness.kz

Freedom Holding-тің жылдық есебін жариялау кезінде компания басшысы Тимур Турлов жаңа өнімдерін таныстырды. Енді Freedom-ның Super App қосымшасында жұмыс іздеп, денсаулық жайлы барлық мәліметті орналастыруға болады.

Осы жылы Freedom-ның Super App қосымшасына жаңа сегіз функция енгізу жоспарланып отыр. Олардың қатарында Naimi, EasyTap, Freedom Media, Шины деп аталатын бөлімдер бар.

«Студенттерге қосымша жұмыс іздеуге көмектесетін Easy Tap сервисі, Naimi пайда болады. Қазірдің өзінде қызмет көрсету сервисі бар. Пәтеріңізге су құбырын жөндейтін немесе электрикамен айналысатын маманды шақыра аласыз. Ол платформа ретінде кеңейе береді, әзірге тек базалық функцияны ғана орындайды», – деп түсіндірді Турлов.

Сондай-ақ ол Freedom Media атты стримингтік сервисті таныстырды

«Бұл Қазақстандағы ең ірі онлайн кинотеатрға айналады. Қазақстандағы үздік режиссерлер түсірген, оригинал контент, фильмдер мен сериалдар қолжетімді болмақ. Және батыстық контенттің орасан зор қоры болады. Ондай көлемдегі контентпен мақтана алатындар аз», – деп атап өтті бизнесмен.

Бұл сервис жақында арада Freedom Super App қосымшасына енгізіледі. Пайдаланушылар онлайнда фильм, сериалдар немесе спорттық матчтарды тамашалай алады.

Айта кетейік, Freedom Holding-ке қатысты Тимур Турлов тағы бір жаңалығын хабарлады. Енді Freedom Broker Араб Әмірліктері мен Түркияда ашылмақшы, әзірге келіссөздер жүріп жатыр.

Қаржылай есепке сүйенсек, холдингтің қаржылай түсімі 2 млрд доллардан асқан. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 384,2 млн долларға өсті

Осы айдың басында бизнесмен  CTOgram стартапындағы үлесін 41%-ға дейін арттырды. Ол стартап негізі қалаған кезде ақша салған инвесторлардың үлесін сатып алған.