
Абай облысында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Дүмпу 23 маусым Астана уақыты бойынша сағат 01:23-те тіркелген.
«Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді», – делінген ақпаратта.
Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4.0. Энергетикалық класы K=9.7.