Жаңалықтар

Сенат Салық Кодексін Мәжіліске қайтарды

Салық кодексін қайтарды
Сенат Салық кодексін Мәжіліске қайтарды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті Салық кодексін Мәжіліске қайтарды. Депутаттар әлі де шешуді талап ететін мәселелер бар екенін айтты.

«Салық кодексін қарау барысында депутаттық корпус үкіметпен бірлесіп, жаңа Салық кодесінің және ілеспе заң нормаларын жетілдіру бйынша ауқымды жұмыстар атқарды. Депутаттар негізгі және ілеспе заңға 166 түзету енгізді. Талқылай келе парламент Сенат депутаттарының ескретулерін қарап екінші оқылымға ұсыну барысында Мәжіліс қабылдаған заңнамалық актілерге негізгі бағыттар бойынша өзгерістер енгізу қажет деп шешті», – деді депутат Бекболат Орынбеков

Салық кодексін талқылау аясында әсіресе, бизнес өклдерімен кейбір мәселелер толық шешілмегенін анықтаған. Депутаттар кодексте мына мәселлерге мән беру керек деп санайды:

  • Салықтық тексеру рәсімдері;
  • электронды шот фактураларды жазуда автоматтандырылған «Е-tamga» бақылау жүйесін енгізу;
  • арнайы салық режимін қолданушы мен жалпыға бірдей белгілеген режим байланысы кезінде шегерімдер бойынше шектеулер және т.б. мәселелер.

Осындай мәселелерді ескере отырып, кодекстің жеке баптарын мақұлдамауды ұсына келе, салыстырмалы кестеге 131 түзету енгізген. Жаңа редакциядағы кодексті Мәжіліс қайта қарауы керек.

Айта кетсек, Сенат алық кодексін бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.