
Бүгін 25 маусым футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчтар өтеді.
18:00-де Петропавл қаласында жергілікті «Қызылжар» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары алаңға шығады. Ал 20:00-де Қостанайда «Тобыл» мен Астананың «Жеңіс» клубтары өзара күш сынасады.
Екі кездесу де Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Жартылай финал екі матчтан тұрады – қарымта ойындар 30 тамызға жоспарланған. Ал финалдық матчтың нақты күні әзірге жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талғарда халықаралық FIFA стандартына сай жаңа футбол академиясы ашылатыны туралы жазған едік.