Жаңалықтар

Тоқаев ЕАЭО форумына қатысу үшін Минскіге келді

Тоқаев
Тоқаев Минскіге келді / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Беларусь елінің астанасы Минскіге келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Минск қаласына келді», – делінген хабарламада.

Аталмыш шараға ондаған елдің делегациялары қатысады деп жоспарланып отыр. Саммитке Беларусь президенті Александр Лукашенко төрағалық етеді.

Форум бүгін, 26 маусым күні басталды. Форум бағдарламасы алты негізгі тақырыптық блоктан тұрады. Жалпы, 35 іс-шара қамтылады деп жоспарланып отыр.

Ал ЕАЭО-ға мүше елдердің көшбасшылары 27 маусым күні өтетін саммитте бас қосады. Жиында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары, ЕАЭО аумағында қызметтерді ырықтандыру мен спорт саласындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ЕАЭО негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға қатысты еуразиялық интеграция тақырыптары талқыланады.