Жаңалықтар

ҰҚШҰ жеке деректердің таралу жағдайларының жиілегеніне алаңдаулы

ҰҚШҰ жеке деректердің
ҰҚШҰ мәліметінше, интернет алаяқтық пен жеке деректердің таралу жағдайы жиілеген / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Соңғы кезде жеке деректердің таралу жағдайлары мен интернет алаяқтық жиілеп кетті. Бұл мәселе ҰҚШҰ назарынан да тыс қалмаған. Ұйым Қырғызстанда ақпараттық қауіпсіздікке қатысты арнайы жиын өткізген.

ҰҚШҰ-ның Компьютерлік инциденттерге ден қою жөніндегі консультативтік үйлестіру орталығы Кеңесінің XIX отырысы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Бөстері қаласында өткен.

Жиында ұйым мүшелері ақпараттық қауіп пен оларға қарсы әрекет ету әдістерін талқылаған.

Кездесу барысында интернеттің өз сегменттерінде ботнеттерді пайдаланып, шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кеткені айтылған. Сонымен бірге әлеуметтік инженерия әдістерін пайдалана отырып, ашық RDP қызметтері арқылы шифрланған қауіпті жүйелер саны да көбейген.

Фишингтік шабуылдар және оларды жүзеге асыруға әртүрлі өзара әрекеттесетін ұйымдар мен құрылымдарды қарқынды түрде тарта отырып, жеткізу тізбегін пайдаланатын шабуылдар да жиілегені қасытушылар назарынан тыс қалмаған.

«Кездесу қатысушылары жеке және заңды тұлғалардың деректерінің айтарлықтай көлемінің ағып кетуіне байланысты қауіптерге ерекше алаңдаушылық білдірді», – деп хабарлайды ҰҚШҰ-ның баспасөз қызметі.

Айта кетсек, жақында 16,3 млн қазақстандықтың жеке деректерінің таралып кеткені туралы хабарланды. Азаматтардың ЖСН-і, телефон нөмірі мен мекенжайы және т.б. маңызды деректері қолды болған. Сарапшылар мұндай деректердің алаяқтар үшін оңай олжа екенін айтты.

Ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мелекеттік ақпарат жүйелерінен деректердің таралу жағдайы тіркелмегенін, жақында таралған деректердің ескі екенін айтты.