
«Самұрық-Қазына» мен «Бәйтеректің» жұмысына депутаттардың көңілі толмайды. Бұл туралы Парламент кулуарында депутат Бақытжан Базарбек айтты.
«Біздің «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазынаның» экономикаға тигізіп жатқан ықпалына қатысты жұмысына көңіліміз толмайды. Күзде аудиторлық палатаның есебі дайын болады. Соны күту керек. Сонда бұл компаниялардың жұмысы тиімсіз әрі экономикаға тигізіп жатқан әсері төмен десе, бұл мәселені толыққанды қарауымыз керек болады», – деді
Сонымен бірге депутат айтылмай қалған басқа да мәселелер көп екенін, соның бірі – утильалым екенін айтты.
«Утильалым мәселесін алдағы уақытта Мәжіліс мінберінде қатаң түрде қаралуы керек деп санаймын», – деді депутат.
Еске сала кетсек, осыған дейін депутат Әділ Жұбанов «Самұрық-Қазына» қорын бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту платформасына айналдыру үшін қайта жаңғырту мәселесін көтерген болатын. Депутат екі квазимемлекеттік холдингтің де жұмысы сын көтермейтінін айтқан.