
2025 жылғы клубтық әлем чемпионатында 1/8 финал кезеңі аяқталып, ширек финалға жолдама алған командалардың есімдері белгілі болды. Соңғы матчтар 2 шілде күні өтті. Соңғы болып ширек финалға жолдама алған клубтар — мадридтік «Реал» мен дортмундтық «Боруссия».
«Реал» — туриндік «Ювентусты» айқын басымдықпен жеңсе, «Боруссия» мексикалық «Монтеррейге» еш мүмкіндік қалдырмады.
Ширек финал жұптары:
5 шілде:
«Палмейрас» (Бразилия) – «Челси» (Англия)
«Флуминенсе» (Бразилия) – «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы)
ПСЖ (Франция) – «Бавария» (Германия)
6 шілде:
«Реал Мадрид» (Испания) – «Боруссия» (Германия)
Турнирдің бұл кезеңінде әлемнің үздік клубтары өзара мықтыны анықтайды. Әсіресе, ПСЖ мен Бавария, сондай-ақ Реал мен Боруссия арасындағы жекпе-жектер футболсүйер қауым асыға күтетін тартысты кездесулердің бірі болмақ.
Ширек финал матчтары 5–6 шілде күндері өтеді. Тікелей трансляцияны Qazsport арнасынан көрсетеді.