Жаңалықтар

Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның ұйымға мүше елдердегі қауіпке тойтарыс бере алатынын айтты

Тасмагамбетов высказался по поводу переговоров США и России
Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның ұйымға мүше елдерге қауіп төнген жағдайда араласа алатынын айтты / Фото: kursiv.media архив

ҰҚШҰ ұйымға мүше елдердегі кез-келген қауіпке тойтарыс береді. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Sputnik Қырғызстан тілшісіне берген сұхбатында айтан.

«ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетіне жедел ден қою күштері, бітімгершілік және авиациялық бөлімшелер, сондай-ақ өңірлік топтар кіреді. Бұл кез келген агрессияны тойтарып, ықтимал тәуекелдерді жедел тоқтатуға жеткілікті», – деді Тасмағамбетов.

Сонымен бірге ұйының бас хатшысы қандай бағыттардағы сын-қатерлерге үйым тарапынан жауап берілетінін тізіп шыққан. Айтуынша, терроризм, экстремизм, есірткі бизнесі, заңсыз көші-қон, азық-түлік пен ресурстар тапшылығы, биоқауіпсіздік және киберқауіпсіздік сынды сын-қатерлерге қарсы ұйымда жаттыығулар өтіп тұрады.

«Бұл сын-қатерлерге қарсы тұру үшін бірлескен күш қажет. ҰҚШҰ-да оларды тиімді жою үшін барлық қажетті құралдар бар», – деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін Тасмағамбетов Еуропа әскері Украинаға кіргізілсе, ҰҚШҰ-ның Ресейге көмекке келетінін мәлімдеген болатын.

Бұл мәлімдемесінен кейін көпшілік оны «ресейшіл, сатқын» деп айыптап, қазақтарды соғысқа тартып жатыр деп сынады. Тасмағамбетов бұл сынға видео үндеу арқылы жауап берген болатын.