
Былтыр елдегі биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) сауда көлемі 152,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен бес есе көп. Бұл жайлы Бірінші кредиттік бюро ұсынған материалда жазылған.
Атап өтерлік жайт, басқа фармацевтикалық тауарларда мұндай өзгеріс байқалмайды. Нарықта тек ББҚ саудасы артып жатыр.
«ББҚ саудасының көлемі өсіп жатқан шақта, басқа фармацевтикалық тауарлар саудасының көлемі ерекше динамиканы көрсетпейді. 2024 жылы 534,7 млрд теңге есептелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда номиналды түрде 19%-ға артық. Ал фармацевтикалық өнімдердің бағасы өсті – тұтастай алғанда бүкіл санат бойынша +11,3% болып шықты», – деп жазылған хабарламада.
Осыған дейін, Алматы облысы прокуратурасы танымал блогерлер, спортсмендер және әртістердің биологиялық белсенді қоспалардың қасиеттерін асыра сілтеумен жарнама жасап отырғанын анықтаған еді.