Банк пен қаржы

Home Credit-ті сатып алғаннан кейін Өтемұратов дәулеті 4 млрд долларға жетті

Миллиардер Болат Өтемұратов / Фото: коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Forte Bank Home Credit банкті сатып алғаннан кейін дәулеті 4 млрд долларға дейін жетті. Forte Bank акциялары соңғы аптада ішінде төрт есе өскен.

Маусымның соңында банк акциялары 7,88-8 теңгеден саудаланған еді. Бұгін қор биржасында Forte Bank құнды қағаздарының бағасы 36,08 теңгеден сатылып жатыр. Тіпті шырқау шегінде баға бір акция үшін 44 теңгеге дейін жетті.

Апта басында акциялар бір данасына 20 теңгеден сатылған еді, кейінірек бағасы 32 теңгеге дейін артты. Бұл уақыт аралығында банк капиталы 1,9 трлн теңгеден 4,2 трлн теңгеге дейін көбейді.

Forte Bank-тің мажоритарлы акционері – миллиардер Болат Өтемұратов, ол қаржы ұйымы акцияларының 90%-ын иеленеді. Банк құнды қағаздары қымбаттаған сәтте Өтемұратовтың дәулеті 2 трлн теңге немесе 3,9 млрд долларға дейін жетті.

27 маусымда Forte Bank Home Credit банкті сатып алғаны жайлы жариялады. Home Credit Bank қазіргі таңда Чехияның ең бай әйелі, Рената Келлнероваға тиесілі PPF халықаралық тобына қарайды. Мәміле құны жарияланған жоқ.

Болат Өтемұратов – елдегі ең бай кәсіпкерлердің бірі, ол Forbes Kazakhstan тізімінде алғашқы жетілікке кіреді.