Жаңалықтар

Сот 9 жылдан бері түрмеде отырған Талғат Ермегияевтің өтінішін қабылдамады

Талгат Ермегияев
Талғат Ермегияев сотқа өтініш түсірді/фото: strategy.2050

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылмады.

Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сот Ермегияевтің өтінішін қарап, қанағаттандырудан бас тартқан.

Айта кетейік, 2016 жылдың маусымында Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот шешімімен ол «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы пайдасына 5,9 миллиард теңге өтемақы төлеуге міндеттелген. Ермегияев өз кінәсін мойындамай, ақталуға тырысып келеді.