Банк пен қаржы

«Ақтау теңіз сауда порты» компаниясы Астана биржасына облигация шығарды

Фото: ашық дереккөзден

«Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы Астана халықаралық биржасына (AIX) облигацияларын шығарды. Бұл жайлы биржа сайтында жарияланған.

Құнды қағаздар ISTPA13.0731 деген белгімен тіркелді. Теңгеге номинацияланған, негізгі сегменттегі саудаға рұқсат берілді.

AIX биржасына листинг Актау портына инвесторлардың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді және инфрақұрылым мен логистикалық әлеуетті дамыту үшін қосымша қаржылық ресурстар тартуға жол ашады.

Ақтау теңіз порты – Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халықаралық көлік дәлізінің қиылысында орналасқан. Иран, Түркия, Ресей, Түркіменстан және Әзірбайжан бағытында жылына 12 ай, тәулігіне 24 сағат жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. «Қазақстан темір жолы» компаниясының тобына кіреді

Бұған дейін Ақтау халықаралық теңіз сауда портының президенті Абай Түрікпенбаев ұсталғанын жазған едік. Оған не себеп болғаны белгісіз, Түрікпенбаевтың ісін Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр.