
Сот отырысында Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның жағдайы нашарлады. Ол қылмыстық іс бойынша сотталушы деп танылған.
Жәбірленушілерден жауап алу кезінде Ғайни Алашбаева сотқа жүгініп, жағдайының нашарлағанын айтты.
«Қан қысымым көтеріліп кетті немесе басқа…» – деді Ғайни Алашбаева.
Судья Сабыржан Кәрімов қысқа үзіліс жариялады. Осылайша сот отырысы 17 шілде сағат 15:00-де жалғасатын болды.
Айта кетейік, бұған дейін сот отырысына Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкері Жанерке Сатқанбекова қатысты. Ол жәрмеңкеден түскен ақшаны Перизат Қайрат қорына аударғанын айтты.