Жаңалықтар

Денсаулыққа зиянды 7 мың жұмыс орны цифрландырылады: адамдар далада қала ма

Денсаулыққа зиянды 7 мың жұмыс орны цифрландырылады: адамдар далада қала ма
Денсаулыққа зиянды 7 мың жұмыс орны цифрландырылады: адамдар далада қала ма/Фото: shutterstock

Үкіметте денсаулыққа зиянды және қауіпті 7 мыңға тарта жұмыс орнын цифрландырыландыру жоспары туралы айтты. Осы ретте журналистер тарапынан «ол жерде істейтін мамандар қайда жіберіледі, олардың зиянды еңбек үшін алатын жалақысы сақтала ма» деген сауал қойылды.

Сауалға жауап берген «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдар Қожахметов өндірісті цифрландыру жолымен оңтайландыру жүрген кезде жұмыс орны мен жалақы мөлшерін сақтап қалуға басымдық берілетінін жеткізді.

«Корпоративтік мекемелер арасында жұмыс орындары бөлініп, мамандар айта үйретіліп, қажетті жерге жіберіліп отырады. Ол жерде жалақы индексациясы болады. Мамандар айлығының көлемі сақталады«, – деді ол.

Бұған дейін, 2026 жылдан бастап елде ең төменгі айлық алатындардың жалақысы көтерілетіні хабарланған. Алайда оның мөлшері әлі белгіленбеген. Бүгінде ең төменгі айлық мөлшері 85 мың теңгені құрайды.