Lifestyle

Дженнифер Лопестің концерті кезінде елордада қозғалыс уақытша шектеледі

Дженнифер Лопес концерті кезінде қозғалыс шектеледі/фото: justjared

Астанадағы «Астана Аренада» өтетін Дженнифер Лопестің концерті кезінде қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Айта кетейік, Дженнифер Лопес 1 тамызда елордадағы «Астана Арена» стадионында Up All Night әлемдік туры аясында өнер көрсетеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонақтардың ыңғайлы келіп-кетуі мен қозғалысын ұйымдастыру мақсатында «Астана Арена» стадионы маңындағы «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Көлікті мына жерлерге қоюға болады:

  • «Астана Арена» стадионы;
  • «Алау» мұз сарайы;
  • «Барыс Арена» мұз айдыны;
  • «Сарыарқа» велотрегі;
  • Ботаникалық бақ (Бұқар жырау және Орынбор көшелері жағынан);
  • Керей мен Жәнібек хандар көшесі және басқа да тұрақ орындары.

Дженнифер Лопес концертіне келушілердің ыңғайлығы үшін қала бойынша бес орыннан «Астана Арена» стадионына және кері бағытта қатынайтын арнайы шаттл-автобустар қатынайды:

  • Астана цирк тұрағы;
  • «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
  • «QAZAQSTAN» спорт кешенінің тұрағы;
  • Тұран даңғылы жағынан Орталық саябақтың тұрағы;
  • «Бас мешіт» тұрағы.

Шаттл-бастар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды. Кептелістер мен тұрақ мәселесіне тап болмас үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен қатынағаны жөн.