Жаңалықтар

Бахтиёр Зайнутдинов «Бешікташтан» мәскеулік «Динамоға» ауысты  

Бахтиёр Зайнутдинов «Динамо» сапында 19 нөмірмен ойнайды / фото: "Динамо" ФК
Бахтиёр Зайнутдинов «Динамо» сапында 19-нөмірмен ойнайды / фото: «Динамо» ФК

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубына ауысты. Бұл туралы клубтың өзі хабарлады.

«Бахтиёр Зайнутдинов — «Динамо»  ойыншысы. 27 жастағы футболшымен келісім-шарт 2029 жылдың жазына дейін жасалды. Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үздік бомбардир біздің клубта 19-нөмірмен ойнайды. Баха, қош келдің», – деп жазды клуб.

Зайнутдиновтің түріктің «Бешікташынан» кетіп, «Динамоға» ауысқалы жатқаны өткен аптада мәлім болған. Сол кезде футболшы 24 шілдеде Мәскеуге барып, медициналық тексеруден өтетіні айтылған. Мәліметтерге қарағанда, 27 жастағы футболшы 2,5 млн еуро + бонус жүйесі бойынша ауысады.

Бахтиёр 2023 жылдан бері «Бешікташта» ойнап келді. Түрік командасында 49 матч өткізіп, бір гол соқты. 2024 жылы Түркия кубогының иегері атанды. Оның алдында «Астана», сонымен бірге Ресейдің ЦСКА, «Ростов» клубтарында өнер көрсеткен.

Бахтиёр Зайнутдинов Қазақстан құрамасында 42 матч өткізіп, 14 гол соққан. Бұл – ұлттық құрама тарихындағы ең үздік нәтиже.