
Әзілкеш жастар әйел мен ер, қыз бен жігіт қарым-қатынасын талқылайтын Youtube желісіндегі «СЫР» жобасында бет сүйіп амандасуға деген көзқарасты сөз етті.
Жобаның кезекті шығарылымына Ninety one тобының мүшесі, Ace лақап атымен өнер көрсететін әртіс Азамат Ашмақын келген.
Жастар әңгіме барысында туыстар арасында, әсіресе келін мен қайынағалардың, жеңге мен қайныларының бет сүйіп амандасуы ерсі көрінетінін айтты.
Жобадағы жүргізушінің бірі, стендапер Жансая Мұратбекова келін ретінде қайынағалары бетінен сүйсе өзін жайсыз сезінетінін, ондайда жасының үлкендігін сыйлап қарсы ештеңе айта алмайтынын жеткізді.
Жастар алдыңғы буынды бет сүйіп амандасатыны үшін сөкпейді, бұл әдет бұрыннан орнығып қалғанын, оған түсінікпен қарайтынын айтады. Алайда біртіндеп «осыны доғару керек» деген ой білдіреді.
Жобаға қатысып отырған зал көрермендері де бастаманы қолдап қуаттайды
Бұған дейін, «XXI ғасырдағы этикет түсінігі деген не» деген мәселе төңірегінде жазғанбыз.