
Қостанай облысында алкогольге тәуелділікті азайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Мәдени қоғам» жобасы аясында 17 ауыл алкогольден толық бас тартты. Бұл туралы Рolisia.kz порталы хабарлады.
Қоғамдық қолдау негізінде іске асып жатқан жоба аясында қалалар мен ауылдарда құрметті ақсақалдар, дін өкілдері, белсенді азаматтардан құралған қоғамдық комиссиялар құрылған. Олар алкогольге тәуелді адамдарға көмектесіп, рухани қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ «Мәдени қоғам» аясында ішімдік сататын орындарға рейдтер ұйымдастырылған. Рейдке полиция, еріктілер мен БАҚ өкілдері қатысады.
«Түнгі уақытта немесе кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сату бойынша биыл жыл басынан бері 217 заң бұзушылық анықталған. Облыстық ПД бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың айтуынша, 7 айда мас күйінде жасалған қылмыстар 3,3%-ға азайған. Алайда қоғамдық тәртіпті жиі бұзатын, отбасылық жанжал шығарушылар мен ішімдік ішуге әуес адамдарды бақылау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері сот 2600 адамға алкоголь тұтынуға тыйым салу туралы шешім шығарған, оның ішінде үй жағдайында да», – делінген ақпаратта.
«Мәдени қоғам» жобасы Қостанай облысында 2024 жылғы қыркүйектен бастап жүзеге асырылып келеді.
Бұған дейін, Ақмола облысы Далабай ауылының тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартқан. Ал алкогольден бас тартқанына 5 жылдан асқан Алматы облысы Балқаш ауданы Бояулы ауылында зыңсыз әрекеттер сап тыйылғаны байқалған.