Lifestyle

Apple-дің жаңа рекорды: әлемде 3 млрд iPhone сатылды

Apple акциялары
Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Apple компаниясы 2007 жылы алғашқы iPhone шыққалы бері 3 млрд құрылғы сатылғанын мәлімдеді. Бұл  2018 жылдан бері сатылым деректерін жарияламаған компания үшін үлкен жетістік.

Apple бұл межеге қалай жетті 

Apple бас директоры Тим Кук 3 млрд iPhone сатылғанын айтты, осылайша  компания жаңа тарихи рекорд орнатқа жетті. Бұл көрсеткіш тек Apple үшін емес, бүкіл технологиялық нарық үшін маңызды. Себебі бұл мобильді индустрияның белгісіне айналған құрылғының сатылымы қарқынды өскенін көрсетеді. Айта кетейік, Apple 2018 жылдың қарашасынан бастап құрылғылар сатылымы туралы ресми есеп бермей келеді.

Компания 2016 жылы 1 млрд iPhone сатылғанын хабарлаған еді. Бұл алғашқы смартфон шыққаннан кейін 9 жылдан соң болды. Енді 2025 жылы компания тағы бір тарихи межеге жетіп отыр.

Алғашқы iPhone

Алғашқы iPhone 2007 жылдың 9 қаңтарында таныстырылып, сол жылдың 29 маусымында сатылымға шықты. Бұл құрылғы ұялы технология әлемінде нағыз төңкеріс жасады. Себебі телефон музыкалық плеер және интернет құрылғысы бір гаджетке біріктірілген болатын.

Содан бері Apple iPhone құрылғыларын жүйелі түрде жетілдіріп келеді, ал әрбір жаңа модель одан да қуатты әрі жаңашыл болуда.

Айта кетейік Apple 2027 жылға қарай кемі алты жаңа iPhone шығаруды көздеп отыр. Көктемде базалық iPhone 18 және iPhone 18e жарық көреді, ал күзде – флагмандық iPhone 18 ProiPhone 18 Pro Max және алғашқы бүктелетін iPhone таныстырылады.