Жаңалықтар

Өскемен қаласында автобус өртенді

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Өскемен қаласында Ғайса Аязбаев көшесінде жолаушылар автобусы өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына келген уақытта автобус салонында адам болған жоқ. Жолаушылар от тұтанған уақытта көліктен түсіп кеткен.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында 12 шаршы метрге жайылған өрт толығымен сөндірілді. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің аяғында Алматыда үлкен мейрамханалардың бірі өртенген.

Ал оның алдында кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың Алматы облысы Ащыбұлақтағы құс фабрикасы өртеніп кеткен.